187
Намаз
10. Азан мен қаматты оқушы құбылаға қарап оқиды.
«Хаййә ‘аләс-Саләһ»
деген сәт – оң жаққа,
«Хаййә
‘аләл-Фәләх»
деген сәт – сол жаққа басын бұрады. Азан
даусының жақсы шығуы үшін екі саусағын екі құлағына
қояды. Әбу Жухайфә (р.а.) былай дейді: «Біләлдің азан
оқығанын көрдім. Ол жүзін оң мен сол жаққа бұрып,
«Хаййә ‘аләс-Саләһ», «Хаййә ‘аләл-Фәләх»
– деп
жатты. Екі саусағы екі құлағында болатын».
11. Азан мен қамат уақыты намазбен қатар қаза на-
маздары үшін де сүннет.
12. Азан мен қамат арасында аздап уақыт бөлген
абзал. Пайғамбарымыз Біләлға:
«Біләл, азан мен қамат
арасында тамақтанып отырған адамның тамағын
асықпай бітіріп, асықпай қажеттіліктерін өтейтіндай
уақыт бер»
227
, – деді.
13. Азан оқыған уақытта сөйлеуін доғарып, тіпті
Құран оқыған адам да тоқтап, азан тыңдауы абзал. Кейбір
көзқарастар бойынша, мешіт пен үйінде Құран оқыған
адам, Құран оқуын тоқтатпай жалғастыруына болады.
Азан мен қаматты естушінің азаншымен бірге құпия
оқуы – мұстахап. Бірақ, «Хаййә а’ләс-Саләһ», «Хаййә
а’ләл-Фәләх» оқылғанда, тыңдаушы:
لا حَوْلَ وَلا قُوّةَ إلاَّ بِِال
«Ләә хаулә, уә ләә қууәтә иллә билләһ (Нағыз күш-
қуат Аллаһта)»
– деп айтады.
Азан оқылған соң былайша дұға оқылады:
{أللهُمّ رَبّ هَذِهِ الدّعْوَةِ التّآمّةِ وَ الصّلاةِ الْقَآئِمَةِ آتِ مُحَمّداً
الْوَسِيلَةَ وَ الْفَضِيلَةَ وَ الدّرَجَةَ الرّفيعَةَ وَ ابْعَثْهُ مَقَاماً مَحْموداً الّذي
وَعَدْتَهُ اِنّكَ لاَ تُخْلُفُ الْمِيعادَ}
227
А.б. Ханбәл, Муснәд,V, 143.