Previous Page  189 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 189 / 520 Next Page
Page Background

189

Намаз

өтейік:

«Азаншы даусының естілген жерінің көлеміне

қарай күнәсі кешіріледі. Даусы естілген жердегі

барлық нәрсе оған куәлік етеді»

229

. Басқа бір хадисінде

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Аллаһым, имамдарды тура

жолға сал, тура жолдан айырма, азаншыларға кешірім

ет!»

230

– деп олар үшін дұға етеді.

Қамат (тәкбір)

Ерлерге мейлі жеке, мейлі жамағатпен болсын парыз

бен қаза намазға тұрар алдында қамат айту – мүәккад

сүннет. Қаматтың сөздері азан сөздерімен бірдей.

Тек қана «Хаййә аләл-Фәләх» дегеннен кейін: ُ

قَدْ قَامَتِ الصّلاة, قَدْ قَامَتِ الصّلاة

«қад қаматис-салааһ»

(Намаз

басталды) деп екі рет айтылады.

Бес уақыт намаздың оқылуы

Намазды жеке оқу үлгісі

Бамдат намазы

Бамдат намазының алдымен екі рәкат сүннеті

оқылады. «Бүгінгі бамдат намазының екі рәкат сүннетін

оқуға ниет етттім» деп ниет етіп, дереу екі қолын екі

құлағына тақап, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, тәкбір

алады. Осыдан кейін қолдарын байлап,

«Субханака

Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала

жәддука уә ләә иләһә ғайрука»

,

«Ә’узу биллаһи минаш-

шайтанир-ражим, Бисмиллаһир-рахманир-рахим»

дейді

де, «Фатиханы» оқып, соңында іштен «әмин» дейді. Одан

229

Бухари, Әзәб, 107.

230

Әбу Дәәуд, Салат: 32.