194
Ислам ғылымхалы
Ақшам намазының екі рәкат сүннеті – айна-қатесіз
бамдат намазының екі рәкат сүннетіндей оқылады. Жеке
адам ақшам намазы парызының екі рәкатын бамдат
намазының парызы секілді жария оқи алады. Бірақ соңғы
рәкатта Бисмиллаһ пен «Фатиханы» құпия оқиды.
Құптан намазы
Құптан намазының алдымен төрт рәкат сүнетті
оқылады. Бұл – намаздыгер намазының төрт рәкат
сүннетіндей мүәккад болмаған сүннет. Айна-қатесіз
намаздыгердің төрт рәкат сүннеті секілді оқылады.
Осыдан кейінгі оқылатын төрт рәкат құптан парызы
да дәл бесін және намаздыгер парыз намаздары секілді
оқылады. Айырмашылығы құптан намазына ниет
етіледі. Осыдан кейін оқылатын екі рәкат сүннет бамдат
намазының екі рәкат сүннеті секілді оқылады. Бұл жерде
тек ниет өзгереді. Жеке оқыған адам құптанның алғашқы
екі рәкатын жария оқи алады.
Үтір намазы
Үш рәкаттан тұратын үтір намазының оқылу тәртібі
төмендегідей: Алдымен үтір намазына ниет етеді. Содан
кейін қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлап бастай-
ды да, екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» оқиды.
Осыдан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрып, үшінші
рәкатқа Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқиды да, «әмин» деген
соң, осыған жалғастырып аят немесе сүре оқиды. Осыдан
кейін түрегеп тұрып, қолдарын құлағының тұсына дейін
көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтады да, қайта қол
байлап, түрегеп тұрған бойы «құныт» дұғасын оқиды.