Previous Page  198 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 198 / 520 Next Page
Page Background

198

Ислам ғылымхалы

дейін намаз оқығандай сауап алады. Таң намазын да

жамағатпен оқыса түні бойы намаз оқығандай сауап

алады». «Адамдар егер алдыңғы саптың қаншалық

сауаптылығын білгендерінде, алдыңғы саптан орын

алу үшін араларында жеребе тастауға дейін баратын

еді». «Намазды алғашқы уақытында оқудың сауабын

білгендерінде ол үшін жарысар еді. Құптан намазы мен

таң намазының кереметтігін білгендерінде, еңбектеп

болса да, бұл намаздарды жамағатпен оқуға келетін

еді»

. Саптардың ең сауаптысы – ең алғашқы сап. Одан

кейін ретіне қарай келесі саптар.

Әйел адамдар мешітке барып жамағатпен бірге

намаз оқуларына болады. Бірақ үйде оқулары абзал.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы:

«Әйелдердің мешітке

баруларына бөгет болмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін

мешітке баруларынан да абзал»

, – дейді.

Жамағат намазда саптың реті

Екі адам намаз оқыған уақытта біреуі имам болып,

екіншісі оң жағына тұрып, аяғының өкшесі имамның

аяғының өкшесінен кейін тұру керек. Бір адамның

имамның артына немесе сол жағына тұруы – мәкрүһ.

Имамға ұйыған адам әйел кісі болса, имамның артына

тұрады. Жамағат екеу яки одан да көп болса, имамның

артына тұрады. Жамағаттың біреуі ер кісі, екіншісі әйел

болса, ер кісі имамның оң жағына, әйел арт жағына

тұрады. Имамнан басқа екі ер кісі және бір әйел кісі болса,

ер кісілер имамның артына, әйел ер кісілердің артына

тұрады. Екі адам жамағат болып намаз оқып жатқан

уақытта, үшінші адам келіп, имамның оң жағындағы