Previous Page  201 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 201 / 520 Next Page
Page Background

201

Намаз

ғана болады. Нағыз қасиетті, Сенсің. Ей, құдірет пен

жомарт иесі, Раббым»

Бұнан кейін имам мен жамағат құпиялай «Аятул-

күрсіні» оқиды да, отыз үш рет «Субханаллаһ», отыз

үш рет «Әлхамдулилләһ», отыз үш рет «Аллаһу әкбар»

тәсбихатын жасайды.

Бұдан кейін:

{لاَ اِلَهَ اِلاّ الُ وَحْدَهُ لاَ شَريكَ لهُ لهُ الْمُلْكُ وَ لهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلىَ

كُلِّ شَيْءٍ قَديرٌ}

«Ләә иләһә иллАллаһу уахдаһу ләә шәрикә ләһ.

Ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә а’лә күлли шәй’ин

қадиир»

дұғасын оқып, имам мен жамағат дұға жасайды.

Мағынасы:

«Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз.

Оның теңдесі мен серігі жоқ. Күллі мүлік иесі – Ол ғана.

Мадақ Оған лайық. Ол барлық нәрсеге күші жетуші,

аса құдіретті»

. Жеке намаз оқығандар да осыны оқи

алады.

Имамға кешігіп ұйыған адам намазын

қалай жалғастырады?

Имамға намаздың ортасында немесе аяғында,

мысалы, бір, екі яки үш рәкаттан кейін ұйыған адамға

«мәсбуқ» делінеді.

Мәсбуқ имамға жария оқылған намазда үлгерсе,

«субханака» дұғасын оқымастан имамға құлақ асады.

Сосын үлгермей қалған рәкаттарын жалғастыру үшін

тұрған уақытта субханака дұғасын оқиды.