207
Намаз
Жұма намазының үкімі – парыз.
Парыздығы Құран мен сүннетке сүйенеді.
Құраннан дәләл:
«Ей, иман еткендер! Жұма күні
намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Аллаһты еске
алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда жасауды
сол уақытта доғарыңдар»
234
. Сүннет дәлеліне келсек:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жұма азанын
естіген жандарға – жұма намазы парыз
235
.
Жұма намазының парыздығының
шарттары
Жұма намазының кімге парыз екені жайлы
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Аллаһқа және
ақырет күніне сенгендерге – жұма намазы парыз.
Бірақ жолаушы, құл, бала, әйел және науқастар бұдан
тыс»
236
. Яғни бұлардан басқа барлық мұсылмандарға
жұма намазы парыз.
1. Ер кісі болу: Жұма намазы әйелдерге парыз емес.
Бірақ намазды мешіттегі жұма жамағатына қатысып,
оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет
емес.
2. Азат болу: Азаттығы болмаған тұтқын мен
қапаста жатқандарға жұма күні бесін намазын жұманың
орнына оқулары жеткілікті.
3. Жергілікті тұрғын болу: Жолаушыға жұма
намазы парыз емес. Себебі, жолаушыда жалпы жол
қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.
234
Жұма, 62/9.
235
Әбу Дәәуд, I. 244.
236
Әбу Дәәуд, I. 644.