Previous Page  209 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 209 / 520 Next Page
Page Background

209

Намаз

2. Жұма оқитын имамның үкімет тарапынан

рұқсаты болуы керек. Ханафи құқықшылары бойын-

ша, жұма намазы үшін де солай. Олар мына хадиске

сүйенеді:

«Кімде-кім жұма намазын мен өмірде болған

кезімде немесе менен кейін әділ немесе залым бір имам

(басшы) болғанда, оны місе тұтпай немесе терістеп,

оны тәрк етсе, Аллаһ оған берекет бермесін және

ісін ілгері бастырмасын»

238

. Міне, осы хадисте жұма

намазының парыз болуы үшін әділ болсын, залым болсын

бір басшының болуы қажет екенін айтқан. Өйткені

үкіметтен рұқсат алмаса, бүлік шығу ықтималы бар.

Бірақ басшылар жұмаға мән бермесе немесе себепсіз

мұсылмандардың намаз оқуына кедергі жасаса, мұндай

жағдайда, мұсылмандар бір имамның артына тұрып,

жұма намазын оқуларына болады. ИмамМұхаммед мына

дәлелге сүйенеді: Хазіреті Осман Мәдинада қоршауда

қалған кезде сырттағы сахабалар Хазреті Әлидің артына

тұрып, жұма намазын оқыған

239

.

3. Жұма намазы дұрыс болуы үшін, Әбу Ханифа

бойынша, имамнан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп және

имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, екі ер кісінің

болуы шарт. Дәлелдері

«Аллаһтың зікіріне (жұма на-

мазына) ұмтылыңдар»

240

аятындағы «ұмтылыңдар»

етістігі көпше түрде қолданылған. Әбу Ханифа – үш,

қалған екеуі – екі адамды көп ретінде қабыл еткен.

Бұл жерде бір қалада бірнеше жерде жұма намазының

оқылуын айта кеткен жөн. Әбу Ханифа және Имам

Мұхаммед бойынша, бір қалада бірнеше жерде жұма

238

Ибн Мажә, Иқама, 78

239

әл-Касани, 1. 261.

240

Жұма, 62/9.