Previous Page  206 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 206 / 520 Next Page
Page Background

206

Ислам ғылымхалы

оқу, намаз оқу, тәсбих, салауат айту сияқты ғибадатпен

өткізу керек. Жұма күні тазаланып, мешітке ертерек

барып, хұтба тыңдап, артынан намаз оқыған адамның

алдыңғы жұма мен сол жұманың арасында жасаған

күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыздың

хадистерінде сүйінші хабар бар.

Жұма күні мұсылмандардың апталық айты, мейра-

мы болғандықтан бейсенбі күні ақшамнан бастап, заттық

және рухани тазалыққа басқа күндерге қарағанда көбірек

көңіл бөлу керек. Заттық тазалықтың ең басында ғұсыл

алу, тырнақ алу, таза киім кию, хош иісті әтір себу келеді.

Рухани тазалық ретінде жұмадан бұрын күнәларына

тәубе етіп, көбірек зікір, салауат айтып, дұғаның қабыл

болатын құпия сағатына тура келуді үміт етіп, көбірек

дұға етуге тырысу керек.

Мұсылмандардың жұма намазды оқу үшін бір жерге

жиналулары жұма намазының осылай аталуына бірден-

бір себеп болған. Һижреттен бұрын, яғни Меккеде жұма

намазы жоқ еді. Аллаһ Елшісі «Ақаба» сертінен кейін

Мус’аб ибн Умейрді Мәдинаға мұғалім етіп жіберді. Оған

сол жерде бесін уақытында екі рәкат намаз оқуын әмір

етті. Міне, сондықтан мұсылмандар Әсад ибн Зурараның

Мәдина сыртындағы үйіне жиналып, жұма намазын оқи

бастады. Негізінде жұма намазына байланысты аяттың

Мәдинада түскенін және Аллаһ Елшісі алғаш жұма на-

мазын һижрет кезінде Салим ибн Ауф тайпасына тиісті

Рануна қойнауында оқығанын ойлап қарасақ, Әсадтың

оқыған екі рәкат намазы жұма намазының парыздығынан

бұрын болып, оқыған намаздарының бесін намазы екенін

аңғаруға болады.