Previous Page  205 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 205 / 520 Next Page
Page Background

205

Намаз

Жұма намазы

Жұма намазы – дінімізде өте маңызды санала-

тын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма

күнінің ежелде еврей және христиандар үшін апталық

ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің

орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық

ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам

діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің

мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз

(с.а..у) былай дейді:

«Біз – бұрынғы кітап берілгендерге

қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте–ең алға өтеміз.

Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен осыжұма намазы

күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Аллаһ

оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге

бағынады. Жұма күнінің ертеңі – яһудилердікі, одан

кейінгі күн – христиандардікі»

232

. Пайғамбарымыздан

(с.а.у.) бұл күннің неліктен жұма аталуының себебін

сұрағанда, былай деп жауап қатты:

«Күмәнсіз, әкеңіз

Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол

күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі

үшін ұсталулары да – сол күні болады. Жұма күнінің

үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға

еткеннің дұғасы қабыл болады»

233

, – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисте: «Мен

дұғалардың қабыл болатын сағатының қай уақытта

екенін білуші едім, бірақ Қадір түні сияқты бұл да маған

ұмыттырылды», – деп жұма күнінде дұғалардың қабыл

болатын арнайы бір сәттің бар екенін айтады. Міне,

сондықтанмүмкіншілік болса, жұма күнін толықтай құран

232

Бухари, Жұма, 1. 211.

233

Ахмед ибн Ханбәл, III, 311.