Previous Page  208 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 208 / 520 Next Page
Page Background

208

Ислам ғылымхалы

4. Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға

барса, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға – жұма

намазы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, әлсіз

кәрі, көзі көрмейтін, мүгедек және кезектегі сақшылар

секілді себебі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр.

Бірақ жұма намазын оқи алса, бесін намазын оқудың

қажеті жоқ.

Жұма намазының дұрыс орындалу

шарттары

1. Жұма оқылатын жердің қала немесе қалаға лайық

болуы қажет. Бұл жайлы Хазреті Әли:

«Жұма намазы,

тәшриқ тәкбірлері, Рамазан және Құрбан айт намаз-

дары нөпір қала немесе аймақтарда оқылады»

, – дейді.

Имам Ағзам осыған қарап, үкім шығарған. Яғни, оның

көзқарасы бойынша, әкімі, көшесі, базары, бар отырықты

жер – «нөпір қала» болып саналады. ӘбуЮсуп бойынша,

халқы үлкен мешітке сыймайтындай қарақұрым болған

жерлерді қала санаса, Имам Мұхаммед басшылардың

қала санаған жерлерін қала деп есептейді.

Жұма намазы шағын отырықшы жерлерде де оқыла

алатыны жайлы дәлелдер бар. Әбу Һурайра Бахрейн-

де қызмет етіп жүрген кезінде Хазіреті Омардан жұма

намазы жайлы сұрайды. Ол «Жұма намазын қайда

болсаңдар да оқыңдар» деп жауап қатады. Ибн Аббас

жұма намазын Мәдинадағы Пайғамбар мешітінен кейін

алғаш рет Бахрейндегі «Жууаса» деген ауылда оқылғаны

жайлы хабар береді

237

.

237

Бухари, Жума, 11.