Previous Page  213 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 213 / 520 Next Page
Page Background

213

Намаз

Жұма намазының сүннеттері

Жұма намазының алды мен соңында төрт рәкаттан

нәпіл намаз оқылады. Яғни, жұма намазы – бас-аяғы он

рәкат намаз. Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұмадан

бұрын төрт рәкат намаз оқыған. Басқа бір хадисте

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Кімде-кім жұма намазын

оқыса, артынан қосымша төрт рәкат оқысын»

,

243

дейді.

Айт намаздары

Айт – арабшадан тілімізге аударғанда, «мейрам»

деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі

Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты,

екіншісі – Құрбан айт. Мәдинадағы бір ансар-сахаба

Исламнан бұрын тойлайтын екі күннің болғаны туралы

Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтқанда, ол:

«Аллаһ сол екі

күннің орнына сендерге олардан әлдеқайда жақсысын

берген. Біреуі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айт»

,

244

– дейді. Аллаһ Елшісі екі айт намазын оқығаны жайлы

хабар «тәуатүр» (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алғашқы оқыған айт намазы

– һижреттің екінші жылындағы Рамазан айт намазы.

Бұны ибн Аббас айтады:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Әбу

Бәкір, Омарлармен бірге Рамазан айт намаздарына

қатыстым. Барлығы да айт намазын хұтпадан бұрын

оқыды»

.

Басқа бір хабарда ибн Аббас:

«Аллаһ Елшісі айт

намаздарын азансыз, қаматсыз оқыды»

, – деп риуаят

243

Муслим, Жума, 67

244

Әбу Дәәуд, Салат, 239.