217
Намаз
намаз оқыған адам, жолаушы, тұрғын, ауылда, қалада
тұрған ер, әйелдің бәріне бірдей ортақ. Бірақ Әбу Ханифа
бойынша, тәшриқ тәкбірі уәжіп болу үшін адамның
тұрғын, азат, ер кісі және бұл тәкбірдің айтылу тиіс
намаздың жамағатпен оқылған парыз намаз болуы керек.
Сол себепті жолаушы, тұтқын, әйел және жеке басы намаз
оқыған жанға тәкбір уәжіп емес. Бірақ бұлар имаммен
бірге намаз оқыса, жамағатпен бірге тәкбір айтады. Жұма
мен айт намаздары оқылмайтын кіші ауылдарда тәшриқ
тәкбірі айтылмайды. Айт күндері мұсылмандардың бір-
бірлерін құтықтаулары, бір-бірлерімен қол алысып, дұға
етулері – мәндүп.
Нәпіл намаздар
Парыз немесе уәжіп намаздардан басқа Аллаһ
Елшісінің оқыған жалпы намаздары «нәпіл» деп ата-
лады. Бес уақыт парыз намаздармен бірге оқылатын
нәпіл намаздарға жүйелі (рауатиб) сүннет намаздары
делінеді. Жүйелі сүннет намаздары «мүәккад (бекітілген)
сүннет» және «ғайру мүәккад (бекітілмеген) сүннет»
болып екіге бөлінеді. Бес уақыт парыз намаздармен бірге
оқылмайтын нәпіл намаздарға «мәндүп нәпіл» намазда-
ры делінеді.
Жүйелі (рауатиб) сүннет намаздар
1. Мүәккад (бекітілген) сүннеттер
Бес уақыт намаз, жұма намаздарымен бірге оқылатын
нәпіл намаздардың бір бөлімі–мүәккад сүннеттер.
Аллаһ Елшісі былай дейді:
«Әрбір адам күнделікті
парыз намаздарынан тыс он екі рәкат намаз оқыса,
Аллаһ оған жәннатта бір үй салады. Бұлар мына на-