Previous Page  221 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 221 / 520 Next Page
Page Background

221

Намаз

бұл біздің мәзһабымыздың көзқарасы. Бұл көзқарасты

Әбу Ханифа мен оның ізбасарлары

251

, Ахмед ибн Ханбал,

Әбу Дәуід және басқа да ғалымдар ұстанады...»

252

– деп,

Шафиғи мәзһабында тарауихтың жиырма рәкат екенін

айтқан.

Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Құдама:

«Әбу Абдиллаһтың (Ахмад ибн Ханбал) таңдаған

көзқарасы бойынша тарауих намазы – жиырма рәкат. Бұл

көзқарасты Сәури, Әбу Ханифа, Шафиғи да ұстанады»

деп, Ханбали мәзһабында да тарауихтың жиырма рәкат

екенін білдірген.

Иә, тарауих намазының рәкат саны төрт мәзһаб

бойынша да жиырма рәкат екені және мұсылман

үмбетінің мұны іс жүзінде орындағанын байқадық.

Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлелдері мынан-

дай: Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан тарауихтың

рәкат санының жиырма екенін яки сегіз екенін білдірген

ешбір сахих хадис жоқ. Ендеше, бұл жерде сахабалардың

іс жүзінде тарауих намазын қалай оқығандығы негізгі

дәлел болуға тиіс. Олай дейтініміз, барша сахабалардың

іс жүзінде тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты

белгілі бір санды таңдауы – кездейсоқтық, яки бидғат

емес, керісінше, олардың бұл мәселеге байланысты

Пайғамбарымыздың (с.а.у) берген қандай да бір үкімін

біліп шығарған тұжырымдары. Яғни, олар белгілі бір

санды ойдан шығаруы мүмкін емес. Тарауих намазы

Омардың (р.а.) заманынан бастап, жамағатпен жиырма

251

Әбу Ханифаның Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді мүжтаһид

шәкірттерін меңзеп тұр.

252

Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 4-том, 38-бет.

«Дәрул-фикр», Бәйрут, 1997 ж.