Previous Page  224 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 224 / 520 Next Page
Page Background

224

Ислам ғылымхалы

түнгі тәһәжжүд намазына қатысты екенін байқаймыз.

Он бір рәкаттың сегіз рәкатының – тәһәжжүд, ал қалған

үш рәкатын Алла елшісінің (с.а.у) «Соңғы оқыған

намаздарың үтір намазы болсын» дегенін ескере отырып,

үтір намазы деп түсінген жөн.

2. Мүәккад болмаған (бекітілмеген) мәндүп

сүннеттер

Аллаһ Елшісінің көбінесе оқыған, бірақ кейде

оқымаған сүннеттері мыналар:

1. Бесін намазынан кейінгі екі рәкаттан бұрын

оқылатын қосымша екі рәкат.

2. Намаздыгер намазынан бұрын оқылатын төрт

рәкат намаз. Бұл жайында Аллаһ Елшісі былай дейді:

«Намаздыгер намазынан бұрын төрт рәкат намаз

оқыған адамға Аллаһ рақым етсін»

254

.

3. Құптан намазынан бұрын оқылатын төрт рәкат

намаз бен құптан намазының екі рәкатына қосымша

– екі рәкат намаз. Бұл жайында Хазіреті Айша былай

дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) құптаннан бұрын төрт рәкат

намаз оқып, артынан құптан намазын оқитын. Одан кейін

тағы төрт рәкат намаз оқитын. Содан кейін жатуға бет

алатын»

255

.

4. «Әууабин» намазы: Бұл – Аллаһқа көп тәубе етуші

адам деген сөз. Ақшам намазынан кейінгі екі немесе үш

сәлеммен оқылатын алты рәкат намаз. Мұның дәлелі

мына аят:

«Раббыларың іштеріңдегі нәрсені жақсы

біледі. Егер игілерден болып, жаманшылықтан

254

Тирмизи, Салат, 301.

255

әш-Шәукани, ІІІ, 118.