Previous Page  228 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 228 / 520 Next Page
Page Background

228

Ислам ғылымхалы

шақырушыны ести сала иман еттік. Раббымыз!

Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды

жасыр. Әрі игі жақсылармен бірге жанымызды ал!

Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер.

Қиямет күні де бізді тастап қор қылма. Сөзсіз, Сен

берген уәдеңнен таймайсың деп тілейді»

264

.

Осыдан

кейін «Осы аяттарды оқып, терең ойға батпағанның

халі неткен өкінішті!», – деді».

Сүнниттердің төрт имамы да түнгі намаздарына

қатты көңіл бөлген. Әшәб ибн Абдулазиз Имам Малик

туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа

шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара

жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фа-

тиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресін оқи баста-

ды.

«Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден

сөзсіз сұраласыңдар»

аятына жеткен кезде кемсеңдеп,

жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай

берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап

қалдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады.

Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді.

Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін

мешітке бардым.

Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның

айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып

жүзіне қарағанымда, жүзі нұр шашып тұрды. Сол кезде

мен

«Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі нұрлы

болады» деген хадисті есіме алдым»

265

.

Имам Ағзам да түнде ұйықтамай Құран оқитын.

Кейде бір аятты таңға дейін қайталап жылайтын. Оның

264

Әли Имран, 3/190-194.

265

Геже ибадеті, Абдулхаким Юже, Измир,.49-50.