Previous Page  233 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 233 / 520 Next Page
Page Background

233

Намаз

Қажет намазы

Дүниелік немесе ақыреттік қалауы бар адам дәрет

алып, құптан намазынан кейін екі немесе төрт рәкат,

басқа бір көзқарас бойынша, он екі рәкат намаз оқиды.

Одан кейін Аллаһқа хамд, мадақ және Оның Елшісіне

салауат айтып, артынан өзіне қажет дұғасын айтып,

Аллаһтан сұрайды. Мәрфу' бір хадисте намаздың бірінші

рәкатында бір рет «Фатиха», үш рет «Аятул-күрсі»

оқиды. Қалған үш рәкатының әр бірінде «Фатиха» мен

«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелін оқиды. Тирмизидің

бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Әркімнің Аллаһтан қалаған бір тілегі немесе адамдардан

кімде-кімнің қандай бір тілегі болса, алдымен жақсылап

дәрет алсын. Содан кейін екі рәкат намаз оқысын. Одан

кейін Аллаһқа хамд, мадақ, Аллаһ Елшісіне салауат

айтсын. Артынан мына дұғаны оқысын:

{لاَ اِلَهَ الاّ الُ الْحَلِيمُ الْكَريمُ سُبْحَانَ الِ رَبِّ الْعَرْشِ الْعَظيمِ الْحَمْدُ

ِلِ رَبِّ الْعالَمِين اَسْئَلُكَ مُوجِباتِ رَحْمَتِكَ وَ عَزَآئِمَ مَغْفِرَتِكَ وَ

الْغَنيمَةَ مِنْ كُلِّ بِرٍّ وَ السّلامَةَ مِنْ كُلِّ اِثْمٍ لاَ تَدَعْ لي ذَنْباً الاّ غَفَرْتَهُ

وَ لا هَمّاً إلاّ فَرّجْتَهُ وَ لاَ حاجَةًَ هِىَ لَكَ رِضاً قَضَيْتَها يآ اَرْحَمَ

الرّاحِمينَ}

Оқылуы:

«Ләә иләһә иллал-лоһул-халимул-кәрим.

Субхан-Аллаһи Раббил-а’ршил-а’зим. Әл-хәмду

лилләһи раббил-а’ламин. Әсәлукә мужибаати рахма-

тика уә азаимә мағфиратикә уәл-ғанимәтә мин кулли

биррин уәс-сәләәматә мин кулли исмин ләә тәда’ ли

зәнбән иллә ғафәртәһ уә ләә һәммән иллә фәррәжтәһ,

уә ләә хәәжәтән һиә ләкә ридан иллә қадайтәһә иәә