Previous Page  239 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 239 / 520 Next Page
Page Background

239

Намаз

4. Рамазан айының 27-сі. Бұл – басым көзқарас

бойынша Қадір түні. Құран осы түні Пайғамбарымызға

(с.а.у.) түсе бастаған. Аятта:

«Негізінде Құранды Қадір

түнінде түсірдік»

277

– делінген. Бұл мүбәрак түндері

Құран оқылады. Аллаһқа «тәсбих», Пайғамбарға «са-

лауат» айтылады. Нәпіл намаз, қаза намаздар оқылып,

Аллаһқа көп дұға жасалады. Осы түннің күндізінде

алыс-жақынға барып, хал-жағдай сұрап, жоқ-жітіктерге

ерекше көңіл бөлу – адам баласының ең ғажайып есте

қаларлық күндері.

* * *

Құран жайлы не білеміз?

Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген

мағынаны білдіреді. Құран – Ұлы Жаратушының

ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды

көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи

арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын

мәңгілік иләһи кітап. Құран – өзіне дейінгі түскен барлық

парақтар мен кітаптарды қамтыған. Құран – санасы қанша

жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі адамзаттың

барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін,

жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық проблема-

ларына қатесіз толық шешім айтатын, адамның санасы

жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сыр-

ларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен

қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан

277

Қадыр, 97/1.