234
Ислам ғылымхалы
әр-рахамәр-рәхимиин».
Мағынасы:
«Халим (биязы) әрі
Жомарт Аллаһтан басқа құдайжоқ. Ұлы арштың Раббы
Аллаһты тәсбих етемін. Хамд пен мадақ әлемдердің
Раббы Аллаһқа тән. Аллаһым! Рақымдылығың қажет
еттірген нәрселеріңді, ап-анық кешіріміңді, әрбір
жақсылыққа жеткізуіңді, әрбір күнәдан алыстатуыңды
сенен тілеймін. Күнәларымды кешір! Қайғы-мұңымнан
арылт! Ризалығыңа лайық қажеттілігімді бер. Ей,
рақымдылардың Рақымдысы, Аллаһым!
»
Сапар алдында және сапардан қайтқанда
оқылатын намаз
Бір мұсылман жолға шығарда немесе жолдан
оралғанда екі рәкат намаз оқуы – мәндүп. Жолға
шығарда – үйде, оралған сәтте – мешітте оқу абзал.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жолдан күндіз сәске уақытында
оралып, Пайғамбар мешітінде екі рәкат намаз оқып,
аздап отыратын
269
.
Жауын тілеу намазы
Бір жерге жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде
жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде халық Раббыла-
рына көңіл бөлмей, зор күнәға батқандықтан, Аллаһ сол
елді сынау үшін, кей кезде, ол жерлерді қуаңшылыққа
айналдырады. Құранда Хазіреті Нұх, Хазреті Мұса
секілді пайғамбарлардың халқы үшін жауын сұрап,
дұға еткендері жайлы сөз етіледі. Нұх пайғамбар:
«Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені,
Ол-өте жарылқаушы», – деді. «Ол сендерге аспаннан
269
Бухари, Салат, 59.