237
Намаз
намаз үлкен мешітте оқылса, абзал. Бірақ басқа жерлерде
де оқи алады. Намаздан кейін имам күн ашылғанға дейін
жамағатқа қарап отырып, дұға етеді. Жамағат «әмин»
дейді.
Хусуф намазы
Ай тұтылған кезде әркім үйінде құпия немесе жария
түрінде екі немесе төрт рәкат намаз оқиды. Әбу Ханифа
бойынша, мешітте жамағатпен оқу сүннетте жоқ. Оқыса
артықтық қылмайды. Ай тұтылуы түнде болатындықтан
жамағаттың мешітке жиналуы қиындық тудырады
274
.
Мүбәрак түндер
1. Рәжап айының алғашқы жұма түні «Рағайып
түні» деп аталады. Бұл түні Аллаһ Елшісінің кейбір
берекетке ие болып, шүкір қылып, он екі рәкат намаз
оқығаны туралы хабарлар бар.
2. Рәжаптың 27-ші түні. Бұл – Миғраж түні. Бұл
түні де он екі рәкат намаз оқу – Ислам ғұламалары тара-
пынан жақсы деп бағаланған. Осы түні Пайғамбарымыз
(с.а.у.) көкке көтерілген.
3. Шағбан айының он бесінші түні. Бұл –
«Бәраат түні». Бұл түні адамның бір жылдағы ризық,
бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатыны-
нан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі
жайлы хабарларды Аллаһтың әмірімен періштелердің
дайындайтындығы білдірілген
275
.
274
Касани 1. 282.
275
Білмен, б.197.