243
Намаз
алмай, қайран қалатын. Себебі, Құранда арабтардың
қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын,
жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше
өзіне ғана тән иләһи (құдайлық) тәсіл бар.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған
уақытымызда терең толғанып, Аллаһтың ұлылығының
алдында бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі
сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда Аллаһтың
ұлылығыменжаббарлығыныңүні байқалып, сөздіңжұмыр
басты адамнан емес, бүкіл әлемдердің Ұлы Жаратушы-
сынан келіп тұрғандығы сезіледі. Пайғамбарымыздың
бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді әр жерде еш ойлан-
бастан, оп-оңай түрде ажыратып қолдануы Құранның
Иләһи екендігінің ашық дәлелі болса керек.
• Мектеп, университет оқымаған, оқу-жазу
білмейтін адамның еш кемшіліксіз жеке тұлғалық,
отбасылық, қоғамдық, экономикалық және заңға бай-
ланысты ережелер қойып, жүйе құруы және бұл жүйенің
ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан алуан ұлттар тарапынан
іс жүзінде қолданылып, ескірмеуі, тіпті заман ескірген
сайын бұл иләһи ереже-қағидалардың жаңара түсуі –
Құранның хақ екендігінің айғағы. Тарихта көптеген
құнды кітаптар жазылған. Бірақ жұмыр басты пенденің
туындысы болғандықтан, заманның жаңалығына өз
шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін
қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан
«ісің бітті» делініп, сөредегі орнынан беймәлім жаққа
тәрк етілген. Ал, Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы
күннен-күнге артып отыр. Иә, заман ескірген сайын
Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол
ғасырлардағы аса көкейкесті мәселелерге дауа болған