Previous Page  248 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 248 / 520 Next Page
Page Background

248

Ислам ғылымхалы

сияқты құралдардан мақұрым ғасырда: ٍ

﴿وَالسّمَاء بَنَيْنَاهَا بِأَيْد

وَإِنّا لَمُوسِعُونَ﴾

«Аспанды құдіретімізбен біз жараттық

және тоқтатпастан әрқашан кеңейтудеміз»

(Зарият/47)

– деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін

өзіне бас идірері сөзсіз.

Жердің домалақтығы

Басқа бір аятта:

﴿يُكَوِّرُ اللّيْلَ عَلَى النّهَارِ وَيُكَوِّرُ النّهَارَ عَلَى

اللّيْلِ﴾

«Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне

орайды»

282

– деп жердің шар тәріздес екендігін анық

білдіреді.

Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыр-

тына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді.

Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн

үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің

тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы – Жер

шары домалақ пішінде болған жағдайда ғана жүзеге

асады. Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі арқылы

Жердің шар тәріздес екендігін білдіруде. «Назиғат»

сүресінің отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау

екендігін:

﴿وَاألَْرْضَ بَعْدَ ذَلِكَ دَحَاهَا﴾

«Содан кейін жерді

түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтіреді»

283

деп айқын білдіреді.

Батыс әлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің

домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инкви-

зиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны

тарихтан белгілі. Мұның бәрі шіркеудің ғылымға қарсы

282

Зумар сүресі/5

283

Бұл аяттағы «

دَحَاهَا

», «дахаһа» сөзінің: төседі, жайды деген

мағыналары да бар.