Previous Page  246 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 520 Next Page
Page Background

246

Ислам ғылымхалы

білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр

бұрын былай деп көрсеткен:

﴿سُبْحَانَ الّذِي خَلَقَ األَْزْوَاجَ كُلّهَا مِمّا تُنبِتُ األَْرْضُ وَمِنْ أَنفُسِهِمْ

وَمِمّا الَ يَعْلَمُونَ﴾

«Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді және

өздеріңді және сендердің т.б. білмейтін нәрселеріңді

жұп-жұп қып жаратқан Аллаһ қандай пәк»

281

Желдің тозаңдау қызметі

«Хижр» сүресіндегі:

﴿وَأَرْسَلْنَا الرِّيَاحَ لَوَاقِحَ فَأَنزَلْنَا مِنَ السّمَاءِ مَاءً فَأَسْقَيْنَاكُمُوهُ﴾

«Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспан-

нан жаңбыр жауғызып, сендерді сусындандырдық…»

аяты жаңбырдың жаууында, желдің тозаңдандыру

қызметін атқаратындығын ашық баяндайды.

Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-

бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан

найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан

күйі жерге жаңбыр жауғызады. Желдің бұлттарды айдап,

бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта «бұлттарды бір-

біріне қосады» деп емес, «тозаңдайды» деп берілуі

шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған

желдің бұлттарды «тозаңдайды» деуінің астарынан

бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді позитив-

негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады. Демек,

желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен қосып,

281

Ясин сүресі/36.