Previous Page  245 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 245 / 520 Next Page
Page Background

245

Намаз

данышпанның болжам жасауы мүмкін емес еді. Міне,

осындай ешбір болжамның ұшы да көрінбеген кезеңде

Құран Кәрім румдықтардың осы жеңілістерінен кейін

сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін

дөп басып айтып салады:

﴿غُلِبَتِ الرّومُ فِي أَدْنَى األَْرْضِ وَهُم مِّن بَعْدِ غَلَبِهِمْ سَيَغْلِبُونَ فِي

بِضْعِ سِنِينَ...﴾

«Рум жеңілді, сендерге ең жақын жерде. Олар бұл

жеңілістерінен кейін бірнеше жылдың ішінде қайта

жеңіске жетеді...»

280

. Құран айтқандай-ақ румдықтар

сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіп, Құран

баянын растайды.

Құран және ғылым

• Құран Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда

ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді

осыдан он төрт ғасыр бұрын яғни, микроскоп, теле-

скоптан мақұрым қараңғы бір ғасырда қорытынды

түрде дөп басып айтып кетуі көптеген батыс-шығыс

ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Міне,

бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Аллаһ та-

рапынан жіберілгендігін толған айдай айқын білдіреді.

Мысал ретінде бірнеше аят:

Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді

Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының

ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп

280

Рум сүресі/1-4.