Previous Page  249 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 520 Next Page
Page Background

249

Намаз

болғандығынан туындады. Батыста Жердің домалақ

екендігін әрі өз өсін және күнді айналатындығын атақты

ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас

шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады.

Тың жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние

салғаннан кейін ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл

еңбегі он сегізінші ғасырға дейін батыс елінде ты-йым

салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды.

Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали-

лео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және

күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда

инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып,

сот алдында өз пікірінен бас тартуға мәжбүрледі. Га-

лилей сот тарқағаннан кейін «Жер бәрібір айналыста»

деген пікірін күбірлеген бойда кете барды. Галилейден

кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Копер-

ник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты

пікірін қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан

аяусыз өртеліп, жарық дүниемен қош айтысты. Міне,

батыс әлемі жердің домалақтығын әрі өз өсін және

күнді айналып тұрғандығын он алтыншы ғасырдың

өзінде осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам

әлемі оны ғылыми тұрғыда оныншы ғасырларда-ақ анық

дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді. Тіпті

көптеген мұсылман ғалымдар оныншы ғасырға дейінгі

өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға көз жіберіп,

Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне сол тарихи

кітаптардың өзі куә. Жердің домалақтығын ғылыми

тұрғыда әл-Бируни атты ғалым оныншы ғасырларда

дәлелдеп берді. Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін

әрі өз-өзін және Күнді айналып тұрғандығымен қоса тіпті