Previous Page  252 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 252 / 520 Next Page
Page Background

252

Ислам ғылымхалы

ақиқатты дөп басып баяндауы ойланған адамға көп

нәрсенің бетін ашары сөзсіз…

Таулардың қозғалуы

Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ

ажырамас бөлігі – таулардың әрдайым қозғалыста бо-

латыны турасында былай делінген:

﴿وَتَرَى الْجِبَالَ تَحْسَبُهَا جَامِدَةً وَهِيَ تَمُرّ مَرّ السّحَابِ﴾

«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп

ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі

тәріздес жылжуда»

287

.

Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының

қозғалысына байланысты. Жер қабығы болса, мантияның

үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың

басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі

құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен

түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы

тұжырымды ортаға салған еді.

Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек

тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның

өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана

көз жеткізді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай

ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы –

Құранда айтылып кеткен еді…

Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына

деректер келтірілген: жер бетіндегі құрлықтар шамамен

500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты

бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша-

287

Нәміл сүресі/88.