251
Намаз
көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі
де содан.
Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай
қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты.
Өйткені, жер батыстан шығысқа қарай айналатыны
белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат
бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны
керемет емей немене?!
Теңіздердің бір-біріне араласпауы
Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай-
ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі
Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:
﴿مَرَجَ الْبَحْرَيْنِ يَلْتَقِيَانِ بَيْنَهُمَا بَرْزَخٌ الّ يَبْغِيَانِ﴾
«АллаһТағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен
қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір
бірімен араласпайды»
286
.
Иә, бір-бірімен қабысып жатса да сулары арала-
спайтын теңіздердің жоғарғы аятта айтылған ерекшелігі
жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерор-
та теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан жерінен
табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған
теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы –
екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай ортада
көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері,
тығыздық өлшемі сияқты нәрселер әлі адамның үш
ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми
286
Рахман сүресі/19-20 аят.