247
Намаз
тығыздауы нәтижесінде оң немесе теріс зарядты жаңбыр
жауғызуы оның «тозаңдауы» болмақ.
Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он
бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани
атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде:
«Әуелі
жел өсімдіктерді тозаңдайды, сосын бұлттарды
тозаңдайды»
– деп, желдің өсімдіктерді һәм бұлттарды
да тозаңдайтынын айтуы таң қаларлық.
Міне, Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің
аналық-аталықтан тұратын өсімдіктерде және
позитив-негативті бұлттарда тозаңдандыру қызметін
атқаратынын ашық айтып кеткен. Ғылыми тұрғыда
кешірек дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400
жыл бұрын ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай
болса, Құран адам емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы
Құдіреттің сөзі болмақ.
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Ең жақын бес-алты галактикадан басқа бүтін га-
лактикалар бізден қашықтықтарына сай жылдамдықпен
тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы астроном
Хабл (HubbIe) зерттеп тапқан еді. Оның айтуына
қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден
миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз
бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл
ұзақтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион
жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен тоқтамастан
алыстауда.
Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген
«Big-bang»
Үлкен жарылыс»
заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын,
яғни астрономия ғылымының дамымаған, телескоп