242
Ислам ғылымхалы
сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Аллаһтан
басқа сенетіндеріңнің барлығын шақырыңдар, егер
айтқандарың рас болса. Бұны жасай алмасаңдар, –
ешқашан жасай алмайсыңдар да! Ендеше, отыны
адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген
тозақ отынан сақтаныңдар».
(Бақара, 23-24) Әншейінде
намысшыл келетіншайырлар бұл жолы тағы да Аллаһтың
талабын орындауда дәрменсіздік танытып, Құранға
ұқсас кітап емес, тіпті он сүре де емес жалғыз сүре
жазу қолдарынан келмегендіктен құлаққа ұрған танадай
үнсіз қалды. Иә, күмән келтірген арабтардың өздерінен
талап етілген Құранға ұқсас бір кітапты, яки он сүресін,
тіпті жалғыз сүресін жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
жаңа дініне тосқауыл болудың ең қысқа әрі оңай жолы
бола тұра, мал-жандарын қатерге соғатын соғыс жолын
таңдауларының астарында Құран сүрелерінің ұқсасын
жаза алмаулары бар еді. Өйткені, Құран мағынасындағы
тереңдігі мен тәсіліндегі ерекшелігі жағынан арабтардың
қара сөздеріне де, өлең шумақтарына да ұқсамайды. Он
төрт ғасырдан бері Құран сүрелеріне ұқсас бір сүрені
күллі адам баласының жаза алмауы – Құранның Аллаһ
Тағала тарапынан жіберілген хақ кітап екендігінің айқын
дәлелі.
• Құран тәсілі мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
хадисінің тәсілі арасында жер мен көктей ерекшелік
бар. Ерекшелігі соншалық – кез келген арабша білетін
адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен
хадистерді, «мынау – аят», «мынау – хадис» деп оп-оңай
ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін
өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды өздері
қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата