Previous Page  238 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 238 / 520 Next Page
Page Background

238

Ислам ғылымхалы

Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені,

осы түнде Аллаһ көп адамның күнәсін кешірмек.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Бәраат түнін ғибадат етіп

өткізген. Хазіреті Айша былай дейді:

«Пайғамбарымыз

(с.а.у.) бір түні орнынан тұрып намаз оқыды. Сәждеде

көп тұрғаны сонша мен оның демі үзіліп кетпеді ме деп

ойладым. Орнымнан тұрып, қолымды аяғына тигізіп

едім, қимылдады. Мен қайта орныма бардым. Сәждеде

былайшажалбарынғанын естідім: «Аллаһым, азабыңнан

кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сиынып, Өзіңнен өзіңді

қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды,

Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмаймын.

Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді».

Намазды бітіргенде:

– Айша, Аллаһ Тағаланың Елшісі саған әділетсіздік

жасайды деп ойладың ба? – деді. Мен:

– Жоқ, уаллаһи, Пайғамбарым. Ондай ойым жоқ.

Бірақ сәждеде ұзақ уақыт тұрып қалғаныңды байқап,

өлді ме деп ойладым.

– Бүгін қандай түн екенін білесің бе?

– Аллаһ және оның Елшісі жақсы біледі. Сонда

ол:

– Бұл түн – шағбанның он бесінші түні. Аллаһ

Тағала шағбанның он бесінші түні құлдарына рақымын

төгіп, кешірім тілегендерді кешіріп, «рақым ет!» деп

жалбарынғандарға рақым етеді. Тұла бойы қастыққа

тұнғандарды өз еркіне қалдырады», – деді»

276

.

Бәраат түнінің ерекшелігінің бірі – сол күні

құбыланың Қудус мешітінен, Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл

түні «жақсылық намазы» оқылады.

276

Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб.