Previous Page  240 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 240 / 520 Next Page
Page Background

240

Ислам ғылымхалы

жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жара-

тушы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап.

Құран Кәрімнің Аллаһ Тағала тарапынан

жіберілгендігінің кейбір дәлелдері

278

• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде арабтардың

ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, әсіресе, ақындықтың шыңына

жеткені соншалық ақындар бір шумақ өлеңдерімен

бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе қылыштарын

қындарынан шығарып, соғысуға шақ қалған екі елді

татуластыратындай дәрежеде болған. Жыл сайын сөз

өнерінде жарыстар ұйымдастырылып, алғашқы жеті

орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін

Қағбаға алтынмен әшекейлеп жазып, іліп қоятын болған.

Тіпті, жалпы қара халықтың өзі бір-бірімен тақпақтасып

сөйлескен. Міне, сөз өнерінің осындай шыңына жеткен

уақытында Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.

Қазіргі дін дұшпандары сияқты сол дәуірдің кәпір

шайырларының Пайғамбарымызға: (с.а.у.) «Құранды

өзің ойдан жазып жатырсың» деген жалаларына қарсы

Аллаһ Тағала:

﴿قُل لّئِنِ اجْتَمَعَتِ الِنسُ وَالْجِنّ عَلَى أَن يَأْتُواْ بِمِثْلِ هَـذَا الْقُرْآنِ

لاَ يَأْتُونَ بِمِثْلِهِ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَهِيراً﴾

«Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адамдар

мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін

жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да

оған ұқсас бір кітап жаза алмайды»

(Исра/88) – деп

278

Бұл жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құран

кімнің сөзі?, Алматы 2004.