236
Ислам ғылымхалы
Мағынасы:
«Аллаһым! Бізгежәрдемберіп,жерімізді,
шартарапты ылғалдандыратын мол жауын нәсіп ет.
Аллаһым! Бізді жауынмен суландыр, бізді үміттері
үзілген адамдардан етпе.
Аллаһым! Елдерде, құлдарыңда,жан-жануарда ауыр
тауқымет бар. Оны Саған ғана шағым ете аламыз.
Аллаһым! Біз үшін егінімізді өсіріп, малымыздың
сүтін молайт, бізді көктің берекеттеріне бөлеп, жер-
жүзінің берекеттерінен бізге ырыс бер.
Аллаһым! Біз Сенен кешірім тілейміз. Шексіз Сен
аса кешірімдісің. Бізге көктен мол жауын жібер»
.
Кусуф намазы
Күннің тұтылуын – «кусуф», айдың тұтылуын –
«хусуф» деп атайды. Бір елде күн тұтылса, сол елдің
имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды
жария оқиды. Бір хадисте айтылады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат
намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар – Аллаһтың
ұлылығын паш еткен дәлелдер. Аллаһ осындай
құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай
нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді
намаз оқыңдар»
272
. Ай мен күнге байланысты Аллаһ
Тағала былай дейді:
«Түн мен күндіз және күн мен
ай – Аллаһтың (құдіретін көрсететін) дәлелдерінен.
Күнге де, айға да сәжде етпеңдер. егер құлшылық
қылатын болсаңдар соларды жаратқан Аллаһқа
сәжде етіңдер
273
. Бұл аяттағы «сәжде етіңдер» әмірі ай
мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Бұл
272
Бухари, Кусуф, 1, 17.
273
Фуссилат, 41/37.