Previous Page  229 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 520 Next Page
Page Background

229

Намаз

қатты жылағанын көршілері де естіп, жаны ашитын.

Иә, бәрі де осылай жылайтын. Бұл ғұмырда жүрекпен

жыламаған бейбақтардың ақыретте жылайтыны сөзсіз.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Жаһаннам халқы жы-

лаумен азапталады. Олар көз жастары таусылғанға

дейін жылайды. Одан кейін көздерінен аққан жастың

орнына қан аға бастайды. Соңында беттеріне ойық

пайда болады. Көз жастарының аққаны сонша кемелер

қонса жүзер еді»

266

, – дейді.

Истихара намазы

Бұл – бір нәрсенің жақсысын, қайырын, игілігін

тілеу. Истихара намазы жақсы істердің қайсысы өз үшін

қайырлы әрі жақсы болатындығына рухани ишарат білу

мақсатымен оқылатын екі рәкат намаз. Алғашқы рәкатта

– «Кафирун», екінші рәкатта – «Ықылас» сүресін оқу –

мұстахап. Намаздан кейін «истихара» дұғасы оқылады.

Дұғаны оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне

қарай әрекет етеді. Осы намаздың дәлелі мынау: Жабир

ибн Абдиллаһ: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Құраннан сүре

үйреткендей истихараны үйретіп былай деді: «Кімде-кім

бір іс жасамаққа ниеттенгенде, парыздан тыс екі рәкат

намаз оқып, мына дұғаны оқысын:

Оқылуы:

{أللهُمّ اِنِّى اَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ وَ اَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ وَ اَسْئَلُكَ مِنْ

فَضْلِكَ الْعَظيمِ فَاِنّكَ تَقْدِرُ وَ لاَ اَقْدِرُ وَ تَعْلَمُ وَ لاَ اَعْلَمُ وَ اَنْتَ عَلاّمُ

الْغيوبِ.

266

Ибн Мажә, Зуһд, 38.