Previous Page  226 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 520 Next Page
Page Background

226

Ислам ғылымхалы

Дәрет намазы

Дәрет немесе ғұсыл алған соң, екі рәкат намаз оқу

– мәндүп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Кімде-

кім дәрет алып, одан кейін екі рәкат намаз оқыса және

осы екі рәкатқа жүрегін терең салса, жәннат уәжіп

болады»

259

.

Сәске намазы

Бұл намаздың ең азы – екі рәкат. Төрт немесе сегіз

рәкат оқиды. Уақыты – күннің найза бойы көтерілгенінен

күн тас төбеге жетуіне жарты сағат қалғанға дейін

жалғасады.

Тәһажжүд намазы

Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап

тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл намазды «түнгі намаз»

дейді. Түннің жартысынан бастап, сәре уақытының

аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылған намаз-

ды «тәһажжүд намазы» дейді. Тәһажжүд намазы

екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз – Аллаһ

Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына аят:

(Мұхаммед)

«Түнде оянып, өзіңе тән нәпіл оқы»

260

.

Осы намазға

үмбетін қызықтырғаны жөнінде аяттар бар:

(Мұхаммед)

«Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болған бір

топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жарты-

сында, үштен бір шамасында намазға тұрғанынды

біледі»

261

. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Түнгі намазды

үнемі оқыңдар. Өйткені, түнгі намаз оқу – сендерден

бұрын өткен салихалыжандардың әдеті. Раббыларыңа

259

Бухари, Уду,’ 24. Муслим, Таһарат,5.

260

Исра, 17/79.

261

Мүзәмміл, 73/20.