Previous Page  225 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 225 / 520 Next Page
Page Background

225

Намаз

бет бұрып, тәубе етсеңдер, Аллаһ күнәларыңды

кешіруші»

256

. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Кімде-кім ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз

оқыса, Аллаһ күнәларын теңіз көбігіндей болса да

кешіреді»

257

. Аллаһ Елшісі ақшам намазынан кейін алты

рәкат намаз оқыған адамның «әууабиннен» саналатынын

айтып, артынан жоғарыда мағынасын беріп өткен аятты

оқыған. Бұлардың бәрі – парыз намаздарға қосымша

нәпіл намаздар.

Мәндүп нәпіл намаздар

Тахиятул-мәсжид

Мешітке сәлем беру «тахиятул-мәсжид» намазы

болып табылады. Яғни, мешіттің Раббысына сәлем беру,

оған тағзым ету мақсатымен екі рәкат намаз оқу – мәндүп.

Бір күнде мешітке бірнеше мәрте кірген адамға осы на-

мазды бір рет оқыса, жеткілікті. Бұл намазды мешітке

кірген сәтте отырмастан оқу – абзал. Отырып, аздан

кейін оқыса да болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай

дейді:

«Кімде-кім мешітке кіргенде екі рәкат намаз

оқымай отырмасын»

258

. Жұма күні имам хұтба айтып

жатқан кезде кірген адам бұл намазды оқымастан отыру

керек. Мешітке парыз яки нәпіл намаз оқу үшін кіріп,

отырмастан сол ниет еткен намазын оқу да – «тахиятул-

мәсжид» намазының орнына жүреді.

256

Исра, 17/25.

257

Мәжмау'з – Зауаид, ІІ, 230.

258

Бухари, Салат, 60.