227
Намаз
бағынудың белгісі. Жамандықтарды бүркеп, күнә жа-
саудан сақтайды»
262
, – деп түнгі намазға шақырған.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) түнгі намазға өте жақсы
мән берген. Бірде Ата деген таби’ин
263
Хазірет Айша-
дан сұрайды:
«Аллаһ Елшісінің ерекше бір жағдайын
айтып бересіз бе?» Сонда Хазреті Айша: «Оның ерекше
болмаған халі бар ма? Бірде түнде бөлмеме келді. Аздан
кейін маған қарап: «Бүгін маған рұксат бер, Раббыма
құлшылық етейін?», – деді. Дәрет алып, намазға тұрды.
Ол қиямда (түрегеп) тұрып көп жылады. Жанарынан
аққан көз жасы көкірегіне сорғалап жатты. Рүкүғке
барғаннан кейін де ұзақ тұрып, егіле жылады. Сәждеге
барған кезде де халі осылай болды. Аллаһ Елшісінің көз
жасы Біләлдің таң намазына хабар берген азан даусына
дейін толастамады. Сонда мен: «Пайғамбарым! Аллаһ
Тағала сенің барлық күнәларыңды кешіре тұра, сен неге
осыншама жылайсың?
–
деп едім, ол: «Шүкір еткен құл
болмайын ба? Қалай ғана жыламаймын. Аллаһ осы түні
маған мына аяттарды түсірді:
«Шексіз көктер мен
жердің жаратылуында және түн мен күннің өзгеріп,
кезектесіп алмасуында ақыл-ой иелері үшін дәлелдер
бар. Олар түрегеп тұрып, отырып, жанымен жатып,
Аллаһты еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен
жердің жаратылуы жайлы ойланып, терең толғанып:
«Раббымыз! Сен мұны тектен-текке жаратпадың. Сен
пәксің. Бізді от азабынан сақта! Раббымыз! Сен кімді
отқа салсаң, сөзсіз оны қорлап, жермен-жексен етесің.
Залымдардың ешқандай көмекшісі жоқ. Раббымыз!
Біз «Раббыларыңа иман етіңдер» деп шақырған
262
Тирмизи, Дә’ауат, 101.
263
Сахабаларды көргендер.