222
Ислам ғылымхалы
рәкат етіп оқытыла бастаған. Язид ибн Руман: «Омардың
(р.а.) заманында мұсылмандар тарауихты (үтірді
қосқанда) жиырма үш рәкат етіп оқитын» деген. Абдур-
Рахман ибну Абдил-Қари: «Омармен бірге рамазанның
бір түнінде мешітке бардым. Әркім жеке-жеке әр жерде
намаз оқуда. Адамдар шашыраңқы. Жеке намаз оқып
жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып
жатыр. Мұны көріп, Омар (р.а.): «Адамдардың бәрін
бір қаридың артына жинаған дұрыс-ау, жақсы», – деді
де, Убәй ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оның артына
ұйытты. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен (р.а.)
бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр.
Мұны көрген Омар (р.а.): «Бұл қандай жақсы бидғат»,
– деді»
253
. дегенін жеткізді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында мұсылмандар
рамазанның әр түнінде жамағат болып, тарауих намазын
мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бастапқы
кезде бірнеше күн тарауиқ намазын мешітте оқыса да,
кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке
жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің (р.а.) заманын-
да да солай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың
бәрін бір имамның артына жинап, тарауих намазын
күнде мешітте өткізу үрдісін қалыптастырған әрі
рәкат санын жиырма рәкат еткізген. Омардың (р.а.)
бұл ісіне яғни тарауихтың күнде мешітте жамағатпен
жиырма рәкат ретінде оқытылуына ешбір сахабаның
қарсы шықпағандығы, олардың бұл мәселеге байланы-
сты пайғамбарымыздың берген қандай да бір үкімін
253
Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,
Бәйрут, 1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет,
Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.