218
Ислам ғылымхалы
маздар: Таң намазынан бұрын–екі рәкат, бесіннен
бұрын–төрт рәкат, бесіннен кейін–екі рәкат, ақшамнан
кейін–екі рәкат және құптаннан кейін–екі рәкат»
248
.
Бұлар аса маңызды сүннеттер. Бейне бір парыздың
қорғандарындай. Қорғаны жоқ немесе бұзылған қалаға
әр уақытта дұшпанның кіруге дайын тұратынындай,
сүннеттерін тәрк еткен адам әрқашан парыз намаздарын
қаза қылуға немесе түгел тастап кетуге бейім тұрады.
Сондықтан Аллаһ Елшісі (с.а.у.) таң намазы жайында:
«Сендерді аттылар (жау) қуса да, таң намазының екі
рәкат сүннетін тастамаңдар»
249
– деген. Жұманың
алдындағы және соңындағы төрт рәкат намаз – мүәккад
сүннет. Мүәккад сүннеттердің бірі – тарауих намазы.
Бұл намазды жамағатпен оқу – сүннет. Аллаһ Елшісі
Рамазанның үшінші, бесінші, жетінші, және жиырмасын-
шы түндерінде осы намазды мешітте жамағатпен бірге
оқыған. Кейіннен мұсылмандарға парыз болар деген
оймен мешітте оқымаған. Кейде Пайғамбарымыз (с.а.у.)
тарауих намазын сегіз рәкат оқитын. Қалғанын сахаба-
лар өздері толықтырған. Сол себепті сахабалардан түн
ішінде араның ызыңындай дауыстары естілетін
250
. Бұл
намаз Рамазан айында құптан намазынан кейін үтірден
бұрын оқылады. Ең мықты көзқарасқа қарай, осы на-
мазды жамағатпен оқу – кифая (жалпылама) сүннет.
Бұл намазды адам жеке өзі оқи алады. Бірақ жамағатпен
оқу абзал. Тарауих намазы – жиырма рәкат. Әрбір төрт
рәкат намаздан кейін дем алынып, бой жазылғаны үшін
«тарауих» деп аталған. Яғни, тарауих – дем алу, тынығу
248
Тирмизи, Салат, 189.
249
Ханбәл, ІІ, 405.
250
әз-Зухайли, а.а.е., ІІ, 43.