Previous Page  215 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 520 Next Page
Page Background

215

Намаз

дұғасы оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. Яғни, бұл айт

намаздарының әрбір рәкаттарында үш қосымша тәкбір

бар. Бұл тәкбірлер – уәжіп.

Хұтпашы айт намаздарының артынан мінберге

шығып, тіке тұрып, жұмадағыдай екі хұтпа оқиды.

Айт хұтпаларында тәкбірмен басталып, жамағат та

осы тәкбірге жайлап қосылады. Жұма намазындағы

сүннеттер мұнда да сүннет. Мәкрүһ болған нәрселер

бұл жерде де – мәкрүһ. Айт хұтпасының намаздан бұрын

оқылуы – мәкрүһ.

Имам бірінші рәкатта айт тәкбірлерін ұмытып, «Фа-

тиханы» оқып жатқанда есіне түссе, дереу тәкбірлерді

алып, «Фатиханы» қайта оқиды. Бірақ «Фатиха» мен

Құрандыоқығаннан кейін есіне түссе, тек қана тәкбірлерді

алады. Қайта оқудың қажеті жоқ.

Айт намазының тәкбірлеріне кешігіп

қалған жағдайда...

Айт намазының алғашқы рәкатына қосымша

тәкбірлер айтылған соң үлгеріп имамға ұйыған адам иф-

титах тәкбірді алғаннан кейін, «Субханаканы» оқымай,

дереу қосымша тәкбірлерді алады. Егер имам рүкүғте

тұрған кезде үлгерсе, дереу түрегеп тұрған күйі тәкбір

алып, рүкүғке барады. Рүкүғтегі тасбихтердің орнына

қосымша тәкбірлерді қолдарын көтермей сол жерде

айтады. Егер үлгере алмаса, ештеңе керек емес. Егер

имамға екінші рәкатта үлгерсе, имам сәлем бергеннен

кейін, оқи алмаған рәкатты қаза ету үшін қиямға барғанда

қосымша тәкбірлерді «Фатиха» және қосымша сүреден

кейін құпия алады.