216
Ислам ғылымхалы
Айт намазына үлгере алмаған адам жеке өзі айт на-
мазын оқи алмайды. Қаласа төрт рәкат намаз оқиды. Бұл
сәске намазының орнына жатады.
Құрбан намазын кешіктірмей, ал, Рамазан айт на-
мазын аздап кешіктіру – сүннет. Рамазан айтта айт на-
мазынан бұрын құрма секілді бір нәрсе жеу, Құрбан
айтында болса, айт намазы оқылмай тұрып ештеңе
жемеу – мұстахап. Бурәйда (р.а.) былай дейді;
«Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) Рамазан айтында дәм татпай үйден
шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқығанға дейін
еш нәрсе жемейтін»
246
.
Тәшриқ тәкбірі
Құрбан айттың алдындағы күнді «Арафа күні» деп
атайды. Бұл – Зилхижжаның тоғызыншы күні. Арафа
күнінің таң намазының парызынан кейін, құрбан айттың
төртінші күнінің намаздыгер уақытына дейінгі айтыла-
тын тәкбірді – «Тәшриқ тәкбірі» дейді
247
.
Ол былай айтылады:
هِّ الْحَمْدُ}
{ألُُ أكْبَرُ,ألُُ أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاّ الُ وَالُ أكْبَرُ,ألُ أكْبَرُ وَل
«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә иллАллаһу
уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд».
Мағынасы: «Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһтан басқа
тәңірлер жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Барлық мадақтар
мен мақтаулар тек Аллаһқа тән».
Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, парыз
намазы міндетті адамға тәкбір айту – уәжіп. Яғни, жеке
246
Ахмед ибн Ханбәл, ІІІ, 232.
247
Тәшриқ (сөздікте) – еттерді бөліп, күннің астына қою
деген мағынаны білдіреді. Құрбан айтта құрбандық бөліп
таратылатындықтан осылай атаған.