Previous Page  220 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 220 / 520 Next Page
Page Background

220

Ислам ғылымхалы

сты келтірген көпшілік ғұламаның дәйектерінің қуатты

екенін әрі Мәлики мәзһабын ұстанатындардың да бұған

қосылатындығын айтады. Мәлики мәзһабының көрнекті

ғалымы әд-Дардир: «Тарауих намазы құптан намазы-

нан кейін жиырма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі

рәкаттан кейін сәлем беріледі. Рамазанның әр күні бір

пара Құрандыжиырма рәкатқа бөліп, Құранды бастан-аяқ

бұл айда бір рет хатым ету – мұстахаб» деген. Ибн Хажар

Һәйтами Мәлики мәзһабындағы Тарауих намазының

отыз алты рәкат болуының негізін былай деп түсіндіреді:

«Мекке халқы тарауихтың әрбір төрт рәкатынан кейін

қағбаны тауап жасайтын еді. Мәдинадағы мұсылмандар

тауап жасай алмайтын болғандықтан, оның орнына

қосымша он алты рәкат намаз оқыған...».

Ханафи мәзһабында да тарауих намазының жиырма

рәкат екенін мәзһабтың мәшһүр ғалымы Сарахси: «Та-

рауих намазы – үтірді қоспағанда жиырма рәкат» десе,

Кәсани: «Тарауих намазының мөлшері – он сәлемнен

тұратын жиырма рәкат, бес таруиха. Бір таруиха екі

сәлемнен тұрады. Намаздың рәкатына байланысты

бұл көзқарас жалпы ғұламалардың таңдауы» деген.

Ибн Абидин де тарауих намазының жиырма рәкаттан

тұратынын әрі көпшілік ғұламалардың осы көзқараста

екенін, тіпті ислам үмбетінің батысы да, шығысы да

осыны іс жүзінде ұстанатынын білдірген.

Шафиғи мәзһабының атақты ғалымы Имам ән-

Нәуауий: «Мәзһабымызда тарауих намазы жиырма

рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан кейін сәлем

беріледі. Жиырма рәкатта бес «таруиха» (аздап үзіліс

беруге таруиха делінеді. Қ.Ж.) бар. Бір тәруиха – екі

рәкат сайын сәлем берілетін төрт рәкаттан тұрады. Міне,