219
Намаз
деген сөз. Тарауих намазының әр екі рәкатында сәлем
беріп оқу абзал. Бірақ төрт, сегіз, он, тіпті жиырма
рәкаттан кейін де, сәлем беруге болады. Ханафилер та-
рауих намазының санын Хазіреті Омардың жасағанына
қарай орындайды. Хазіреті Омар халифа болған кезінде
жиырма рәкат оқытқан.
Тарауих намазы неше рәкат?
Қазіргі таңда кейбір топтар «Тарауих
намазын жиырма рәкат оқу дұрыс емес,
Алла елшісі (с.а.у.) тарауих намазын сегіз
рәкаттан артық оқымаған» деген пікірді
ел арасында жайып жүр. Тіпті, абақтыда
отырған намаз оқитындардың арасында
осы үшін үлкен тартыс болған көрінеді.
Тарауих намазы жиырма рәкат па, жоқ
әлде сегіз рәкат па? Осыны шариғат
тұрғысынан талдап берсеңіз?
Пайғамбарымыз (с.а.у) тарауих намазын кей күндері
мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір сахих хадис-
те тарауих намазының нақты рәкат саны айтылмаған.
Омардың (р.а.) заманында отыз күн оразада тарауих на-
мазын мешітте жамағатпен оқу бір жүйеге келтіріліп,
жиырма рәкат оқылды. Сол күннен бүгінге дейін
мұсылман үмбетінің шығысы мен батысы, яғни күллі
ислам әлемі оны жиырма рәкат етіп оқып келеді. Төрт
мәзһабта да тарауихтың рәкат саны жиырма. Тек Мәлики
мәзһабында жиырма рәкат деген негізгі үкімнің жанын-
да отыз алты рәкат деген де көзқарас бар. Ғалым ән-
Нафрауи тарауих намазының рәкат санына байланы-