211
Намаз
«Аллаһты зікір етуге асығыңдар» аятында зікірдің аз
болуы мен көп болуы жайында мәселе қозғалмаған.
Хазреті Осман халифа кезінде алғаш жұма хұтпасында
«Әлхамду лилләһ» дегеннен кейін қобалжып, тілі
тұтылып, мінберден түсіп, жұма намазын оқығаны
осыған дәлел.
Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтпа
– хұтпа делінетіндей айтылуы керек. Бұл – әт-тәхият,
мадақ және салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей
көлемде болмақ.
Хұтпаның уәжіптері
1. Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.
2. Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.
3. Әурет жері жабық болу.
242
Хұтпаның сүннеттері
1. Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір
тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті,
бұны «хұтпа» деп атайды.
2. Бұл екі хұтпаның әрбірі – шәһадат сөздерін, са-
лауатты қамту керек.
3. Бірінші хұтпа – бір аят және насихатты, екінші
хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші
хұтпада хұтпашының даусы – бірінші хұтпадан төмен
болуы керек. Бұлар хұтпаның сүннеті.
4. Екі хұтпаны ұзатпау.
242
Білмен, 157.