200
Ислам ғылымхалы
мен «сами’ Аллаһу лимән хамидаһты» және де сәлемді
жария айтады. Ақшам намазының үшінші және құптан
намазының үшінші, төртінші рәкаттары мен бесін,
намаздыгер намаздарының барлық рәкаттарындағы
тәкбірлер мен «сами’ Аллаһу ли мән хамидаһ» сөзін және
сәлемдерді жария түрде, ал «субханака» мен қырағатты
құпия оқиды.
Имам бамдат намазының алғашқы рәкатындағы
аяттарды, екінші рәкатта оқитын аяттардан екі есе көп
оқу керек. Бұл – сүннет. Жамағаттың алғашқы рәкатқа
жетуіне көмектеседі.
Жамағат тәкбірлерді құпия айтады. Имам рүкүғтен
тұрған кезде жариялай «сами’ Аллаһу лимән хамидаһ»
деп, құпиялай «Раббәнә уә ләкәл-хамд» дейді. Имам
Ағзамның басқа бір риуаятында имам «Раббәнә ләкәл-
хамдты» айтпайды. Жамағат құпиялай «Аллаһумма
Раббәнә уә ләкәл-хамд» немесе «Раббәнә уә ләкәл-хамд»
дейді. Одан әрі рүкүғ пен сәждеде бәрі бірге құпиялай
тәсбихтарды айтады.
Имам сәлемді жария түрде, жамағат құпия түрде
береді. Имам да, жамағат та «әминді» құпиялай
айтады.
Имам сәлем бергеннен кейін мына дұға оқылады.
{أللهُمّ اَنْتَ السّلامُ وَ مِنْكَ السّلامُ تَبارَكْتَ يا ذَالْجَلالِ وَ الاكْرَامِ}
«Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм
тәбәәрактә иәзәл-жәләәли уәл-икрәәм» дейді.
Мағынасы: «Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен.
Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен
ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен