Previous Page  195 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 520 Next Page
Page Background

195

Намаз

Содан кейін тәкбір айтып, рүкүғ пен сәждеге барып,

ақырғы отырыс жасайды. Әдеттегідей «әт-тахият», «са-

лауат» және «раббана әтина» дұғасын оқып, екі жаққа

сәлем береді. Мұның дәлелі: Хазіреті Айша былай дейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш рәкат үтірді оқитын. Үш

рәкаттан кейін сәлем беретін». Басқа бір хадисте Аллаһ

Елшісі былай дейді: «Ей, Құран иелері! Үтірді оқыңдар.

Өйткені, Аллаһ жалғыз. Тақ санды жақсы көреді»

231

.

Үтір намазы Рамазанда ғана жамағатпен оқылады.

«Құныт» дұғасын білмейтін адам «Рәббәнә әәтинә...»

дұғасын оқи алады.

Құныт дұғасы. Бұл – Хазіреті Омар мен ұлы

Абдуллаһтан (р.а.) бізге жеткен:

{أللهُمّ اِنّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْديكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ

اِلَيْكَ وَ نَتَوَكّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ الْخَيْرَ كُلّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ

وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ. أللهُمّ ايّاكَ نَعْبُدُ وَ لَكَ نُصَلِّى وَ نَسْجُدُ

وَ اليْكَ نَسْعَى وَ نَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتِكَ وَ نَخْشَى عَذابَكَ اِنّ عَذابكَ

بِالْكُفّارِ مُلْحِقٌ}

«Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә

уә нәстаһдика уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә

нәтәуәккәлу а’лайкә уә нусни а’лайкәл-хайрә күлләһу

нәшкурукә уә ләә нәкфурукә уә нахла’у уә нәтруку

мәй йәфжурук.

Аллаһумма ииәәкә на’буду уә ләкә нусалли уә

нәсжуду уә иләйкә нас’а уә нахфиду наржу рахмәтәкә

уә нахшә а’заабәкә иннә азаабәкә бил куффари

мулхиқ».

231

Бухари, Дәауат, 69