197
Намаз
Орындыққа отырып оқуға да болады.
Отырып оқыған уақытта мүмкін болса аяқтарын
жиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи
береді. Рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасала-
ды. Ишарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию
арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз,
қас арқылы ишарат жасап оқи алмайды. Ишаратпен де
оқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен
аз болса, кейіннен қаза етеді. Ал 5-тен көп болса, қазасын
өтемейді. Әбу Ханифаның басқа бір пікіріне сүйенсек,
кейіннен қазасын өтейді. Науқас адамның алдына сәжде
етуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер
қойылмайды.
Жамағатпен намаз
Ислам діні – жамағат діні. Сондықтан жамағатпен
намаз оқуды өте жоғары бағалаған. Ханафи мәзһабында
ер кісілердің бес уақыт парыз намазды жамағатпен
оқулары – бекітілген сүннет. Тіпті басқа мәзһабтардағы
кейбір ғалымдар парыз деп үкім берген. Екі кісі болса
да намазды жамағатпен оқу керек.
Жамағатпен намаз оқу арқылы мұсылмандар бір-
бірімен танысып, араларында жылы қарым-қатынас
күшейеді. Періштелер сияқты Аллаһтың құзырына
сап құрып, жамағатпен оқылған намаздың сауабы,
жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық.
Пайғамбарымыз (с.а.у) жамағатпен намаз оқудың
сауаптылығын көптеген хадистерінде білдірген. Мысал
ретінде:
«Жамағатпен оқыған намаздың сауабы жеке
оқылған намаздан жиырма жеті есе артық». «Кімде-
кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түн ортасына