193
Намаз
тан бұл намазға бастарда адам намаздыгер намазының
төрт рәкатына ниет етеді де, алғашқы екі рәкаттан кейін
отырып, «әт-тахият» пен «салауатты» оқиды. Яғни, бұл
жерде дұға оқылмайды. Міне, осыдан кейін «Аллаһу
әкбар» деп, қайта үшінші рәкатқа бастайды. Бұл үшінші
рәкатты бастарда намазды жаңадан бастағандай етіп, ал-
дымен «субханака», «әуз’у мен бисмиллаһ», одан кейін
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ пен сәждеге
барады. Бұдан кейін тәкбір айтып, төртінші рәкатты
бастайды. Рүкүғ пен сәждеден кейін отырып, «әт-тахия»,
«салауат», дұға оқып, екі жаққа сәлем береді.
Намаздыгер намазының төрт рәкат парызы дәл
бесін намазының төрт рәкат парызы секілді оқылады.
Айырмашылығы – намаздыгер намазына ниет ету. Бұл
намаз құпия оқылады.
Ақшам намазы
Ақшам (намазшам) намазының үш рәкат парызы
бесін мен намаздыгер намазының алғашқы үш рәкат
намазы секілді оқылады. Алдымен ақшам намазының
парызына ниет етеді де, қол көтеріп, тәкбір айтып, қол
байлайды. Содан кейін жоғарыда айтылғандай екі рәкат
оқылып, болған соң отырып, «әт-тахият» оқиды. Бұл –
бірінші отырыс. Міне, осыдан кейін тәкбір айтып, үшінші
рәкатқа бастайды. Бұл жерде Бисмиллаһ пен «Фатиха»
оқылады да, сүре, аят оқылмай, рүкүғ пен сәждеге барып,
ақырғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тахият», «са-
лауат» және дұға оқып барып, екі жаққа сәлем береді.
Ақшам намазында уақыт қысқа болғандықтан, қысқа
сүрелер оқылады.