Previous Page  190 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 520 Next Page
Page Background

190

Ислам ғылымхалы

кейін Құраннан ұзақ бір аят яки үш қысқа аят немесе сүре

оқылады. Бұдан кейін

«Аллаһу әкбар»

дейді де, рүкүғке

барады. Бұл жерде кем дегенде үш рет

«СубханАллаһил-

азим»

деп тәсбих айтады. Сосын

«Сәми’ Аллаһу лимән

хамидаһ»

сөзін айтып, қиямға барады. Қиямға барысымен

«Аллаһумма Раббәнэ уә ләкәл-хамд»

деп айтады. Бұдан

кейін

«Аллаһу әкбар»

деп сәждеге барады. Сәждеде үш

рет

«Субхана Раббиял-а’ла»

дейді де,

«Аллаһу әкбар»

деп, сәждеден түрегеліп, бір тәсбих айтылатындай уақыт

отырады да, қайта

«Аллаһу әкбар»

деп екінші сәждеге

барады. Мұнда да үш рет

«Субхана Раббиял-а’ла»

деп

тәсбих етеді. Осылайша бір рәкат аяқталады.

Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, екінші

рәкатқа бастау үшін қиямға тұрады. Түрегеп тұрып тек

қана «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» және қосымша сүре

оқылады. Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ

пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін отыра-

ды. Бұл – екі рәкаттық намаздың соңғы отырысы. Осы

жерде «әт-тахият», «салауат», «раббанә әтина» дұғалары

оқылады. Олар мыналар:

«Әт-тахияту лиллаһи уас-

салауату уа’таййбату, әс-сәламу а’ләйка әйюһән-

нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһу, әс-сәламу

а’ләйна уә а’ла ибәдиллаһис-саалихин, әшһаду ән ләә

иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу

уә расулуһ»,

«Аллаһумма салли а’ла Мухаммәдин уә а’ла әли

Мухаммәд. Кәмәә саллайта а’ла Ибраһимә уә а’ла әли

Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а’ла

Мухаммәдин уә а’ла әли Мухаммәд. Кәмәә бәәрәктә

а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун

мәжид».