Previous Page  186 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 520 Next Page
Page Background

186

Ислам ғылымхалы

Азанның шарттары

1. Уақыттың кіруі. Намаз уақыты кірмей тұрып

азан оқу – жақсы емес. Мұндай азанды уақыт кіргеннен

кейін қайта оқу қажет.

2. Азан арабша оқылуы керек.

3. Азан мен қаматты жамағатқа естірту.

4. Азан мен қаматтың сөздері рет-ретімен оқылуы

керек. Рет-ретімен оқылмаған азан – мәкрүһ.

5. Азанды бір адам ғана оқу керек.

6. Ханафилар бойынша, азаншы – ер кісі, ақыл-

есі түзу, тақуа, сүннетті және намаз уақыттарын жақсы

білетін адам болуы керек. Қараңғы, пасықтардың азан

оқулары –мәкрүһ. Әйелдердің және жүніп кісінің азан

оқуы мен қамат айтуы – мәкрүһ. Дәретсіз адамның да

қамат айтуы – мәкрүһ. Хадис:

«Дәреті бар адам ғана

азан оқи алады»

224

.

7. Азаншының даусы әдемі болуы керек. Бұған

мына хадис дәләл:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жиырма адамға

азан оқытты. Әбу Махзурәның даусы ұнап, оған азан

үйретті

225

.

8. Азан естілу үшін жоғары бір жерге шығып

оқу қажет. Әлбетте, қазіргі кезде дыбыс зорайтқыш

болғандықтан қажет емес.

9. Азан сөздері созылып оқылады. Қамат керісінше

тез оқылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Біләлға

былай дейді:

«Біләл, азан оқыған кезде сөздерін созып

оқы. Қамат (тәкбір) айтқан кезде тез-тез оқы»

226

.

224

Тирмизи, Салат, 33.

225

Дарими, Салат, 7.

226

Тирмизи, Салат, 29.