Previous Page  188 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 520 Next Page
Page Background

188

Ислам ғылымхалы

«Аллаһумма рәббә һәзиһид-да’уатит-тәәммә

уәс-салатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсииләтә

уәл-фадииләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’та. Уәб’асһу

мақамәм махмудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә

тухлифул-ми’аад».

Мағынасы:

«Ей, мына толық азан

мен оқылатын намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке

арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені

бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына»

жеткіз. Сен өзіңнің берген уәдеңді орындайтыныңа

ешқандай күмән жоқ».

Намаздан тыс және кейбір себептерге байланысты

азан оқу – мәндүп. Бұлар:

1. Бала дүниеге келгенде құлағына азан оқу. Аллаһ

Елшісі немересі Хазіреті Хасан туылғанда құлағына азан

оқыған

228

.

2. Соғыс уақытында, өрт жағдайында азан оқу.

3. Қатты ашуланған, науқастанған, жаман мінезді

адамның немесе жан-жануардың құлағына азан оқу –

мәндүп.

4. Жын мен шайтан қорқынышты бір бейнеде

көрінген кезде, бұлардың кесірінен сақтану үшін азан

оқылады. Өйткені шайтанның азан оқылған кезде

қашатындығы хадисте айтылады.

Азаншының ерекшелігі

Азаншылық – аса ерекше мамандық. Пайғамбарымыз

азаншылықтың ерекшеліктері туралы көптеген

хадистерінде айтқан. Бұлардың кейбірінен мысал беріп

228

Әбу Дәәуд, Әдәб, 107.