Previous Page  192 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 520 Next Page
Page Background

192

Ислам ғылымхалы

кейін рүкүғ және сәждеге барады да, сәжде жасаған соң

қайта қиямға тұрады. Мұнда да бисмиллаһ, «Фатиха»,

аздап Құран оқылып, рүкүғ, сәжде жасап отырады. Бұл

намаздың соңы болғандықтан, осы отырыс – «ақырғы

отырыс» деп саналады. Міне, осы кезде «әт-тахият»,

«салауат», дұға оқылып, сәлем беріледі.

Ал бесін намазының парызы былайша оқылады:

Сүннет оқылып біткеннен кейін қамат айтып, бесін

намазының парызын өтеуге ниет етеді. Содан кейін екі

қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды да, дәл таң

намазының екі рәкат парызы секілді оқылады. Бірақ

түскі намаз төрт рәкат болғандықтан, екінші рәкаттан

кейін отырып, «әт-тахиятты» оқиды да, «Аллаһу әкбар»

деп орнынан түрегеліп, үшінші рәкатқа бастайды, Бұл

жерде тек қана Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады. Яғни,

қосымша сүре, аят оқылмайды. Содан кейін рүкүғ пен

сәждеге барады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп, төртінші

рәкатқа бастайды. Мұнда да тек қана Бисмиллаһ пен

«Фатиха» оқылып, рүкүғ, сәждеге барады да, ақырғы

отырысқа отырады. Бұл соңғы отырыс болғандықтан,

«әт-тахияттан» кейін, «салауат» пен дұға оқып, сәлем

береді. Осылайша бесін намазының төрт рәкаттық

парызы аяқталады. Бұдан кейін бесін намаздың екі рәкат

сүннеті оқылады. Бұл сүннетке ниет еткеннен кейін дәл

бамдат намазының екі рәкат сүннеті секілді орындалады.

Жеке адам бұл намазды құпия оқиды.

Намаздыгер намазы

Намаздыгер намазының парыздан бұрын оқылатын

төрт рәкат сүннеті – мүәккад болмаған сүннет. Мұның

әрбір екі рәкаты өз алдына жеке намаз секілді. Сондық-